Байқоңырдан «Прогресс» ғарыш жүккемесімен «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды

01:53-те (мск) "Прогресс М-24М" ғарыш жүккемесі зымыран тасығыштың үшінші кезеңдік бөлігінен жасанды жер серігі орбитасында ажырады.

"Прогресс М-24М-нің" Халықаралық ғарыш стансасына тіркелу уақыты 24 шілде күні 07:30-ға (мск) жоспарланған, деп хабарлайды РБК.

"Прогресс М-24М" әуе жүккемесі халықаралық ғарыш стансасына шамамен 2,3 тонна жүк жеткізуі тиіс. Оның ішінде оттегі, жанармай, азық-түлік, ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған апаратуралар мен экипаж мүшелеріне арналған сәлемдемелер кіреді.