Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бастапқыда 6-тамызға белгіленген ұшырылым 11-12-маусымда Халықаралық ғарыш станциясының компьютерлерінде пайда болған тауқымететрге байланысты 23-шілдеге дейін шегерілген болатын.
"Алайда, қосымша жабдықтарды жасау, дайындау мен сынақтан өткізуге, соның ішінде С.Королев атындағы зымыран-ғарыштық "Энергия" корпорациясының "Звезда" қызметтік модулінің кешенді стендінде қосымша жабдықтарды жасау, дайындау мен сынақтан өткізуге қосымша уақыт қажет болуға байланысты корпорация басшылығы мен мамандары ұшырылымды 2-тамызға белгілеуді ұсынды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қазір ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Энергия" зымыран-ғарыштық кешеніің мамандары вакуумды камерада "Прогресс М-61" жүк кораблінің герметикалық жағдайын тексеруде. "Прогресс М-61" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, жабдықтар мен отын, компьютерлік жабдықтарды жеткізуге тиіс.
"Прогресс" жүк кемесі алғаш рет 2007-жылдың 18-қаңтарында, екіншісі 12-мамырында ұшырылған. Ал төртінші жүк кемесі жылдың аяғында ұшырылады. "Прогресс М-61" маркалы үшінші жүк кемесі "Союз-У" зымыран тасығышымен 2007-жылдың тамызында Халықаралық ғарыш станциясына пилотты кемені жіберер алдында ұшырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті