"Мен бір ай ішінде бір шешімге келеміз деп ойлаймын",- деді Анатолий Перминов журналистердің жуықта болған апатқа байланысты қойған сұрақтарына жауап бере отырып. Ол, арнайы комиссияның құрылғандығын еске сала кетті.
Бұрын хабарлағанымыздай, кеше селекторлық кеңесте Қазақстанның вице-премьері Өмірзақ Шүкеев Қазақстан үкіметінің "Протон" зымыран тасымалдағышын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыруды тоқтату туралы қаулыны қабылдайтындығын мәлім еткен болатын. Сонымен қатар, қаулы 8-12 қазан аралығындағы кезектен тыс өтетін Байқоңыр жөніндегі үкіметтік кісі комиссияның отырысында ғарыш айлағынан зымыран ұшыру барысында Қазақстан президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті