Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алған "Протон-К" зымыран тасығышы Астана уақытымен 05 сағат 59 минутта (мәскеудің 03.59 сағаты) №24 ұшырылым қондырғысынан штаттық режимде ұшырылды.
Ұшырылым циклограммасына сәйкес, "Протон-К" зымыран тасығышы үдеткіш блогымен зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шығарылды.
Ғарыштық аппарат үденткіш блоктан мәскеу уақытымен 10.37-де бөлінуге тиіс.
Зымыран атсығыштың ұшырылымын ғарыш айлағына келген РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков пен осы қалада жүрген Қазақстан парламентінің депутаттары тамашалады.