Зымыран тасығыш 9 желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта №81 алаңның ұшырылым кешенінің №24 ұшыру қондырғысынан ұшырылды және ұшырылым қалыпты режимде жүзеге асырылды.
Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатысы ұшу циклограммасының уақытына сәйкес дәлме-дәл бөлінді. "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын тірек орбитаға шығарып, бұдан кейін "Бриз-М" үдеткіш блогының көмегімен жер серігі белгіленген нүктеге жеткізілді. "Космос" ғарыштық аппараты Ресейдің әскери мақсаттағы жер серіктерінің орбитадағы тобын толықтырды.
"Протон-М" зымыран тасығышының бұл 6 қыркүйектегі апаттан кейінгі Байқоңырдан жүзеге асырылған екінші табысты ұшырылымы. 2007 жылдың аяғына дейін "Протон-М" зымыран тасығышымен тағы да үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін ұшыру межеленген. Ұшырылым 26-желтоқсанға белгіленген.