Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігі табысты ұшырылды

"Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігін ұшыру 10 ақпан, жексенбіге межеленген болатын, алайда зымыран тасығышқа жанармай құймай тұрып, жер үсті жабдықтарындағы техникалық ақауларға байланысты ұшырылым резервті күн - 11 ақпанға дейін шегерілді.

Кеше бұл ақаулар жойылғаннан кейін "Протон-М"зымыран тасығышына отын құйылды.

Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 11 ақпанында Астана уақытымен 17 сағат 33 минутта №200 алаңның №39 ұшырылым қондырғысынан штатты режимде ұшырылды.

Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатылары ұшу циклограммасында көрсетілген уақытта дәлме-дәл бөлінді. Ғарыштық аппарат "Протон-М" зымыран тасығышымен тірек орбитаға шығарылды.

"Бриз-М" үдеткіш блогы мен жер серігі зымыран тасығыштың үшінші сатысынан қалыпты режимде бөлінді.

Тор-2Р ғарыштық аппараты "Бриз-М" үдеткіш блогының қозғалтқышын төрт мәрте қосу арқылы геостационар орбитадағы 1 градус батыс бойлықтағы 36,8 мың шақырым биіктіктегі орналасу нүктесіне жету мен "Бриз-М" үдеткіш блогының бөлінуі 12 ақпанға Астана уақытымен 2 сағат 56 минутқа межеленген (Мәскеу уақытымен 11 ақпан 23 сағат 56 минут).

Салмағы 2450 килограмм болатын, "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жіберетін болады.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты 24 транспондермен қамтамасыз етіліп, Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған. Жер серігі 15 жыл бойы адамдарға қызмет жасайтын болады.