Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігін ұшыру мерзімі бүгінгі күнге дейін шегерілді

10 ақпан, жексенбіге межеленген "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" жер серігін ұшыру мерзімі резервті күн - 11 ақпанға дейін шегерілді.

Ұшырылымды кейінге шегеруге зымыран тасығыштың ұшырылымын кейінге шегеруге оған отын құю кезінде анықталған ақаулар себеп болған. Бұл ақаулар жойылғаннан кейін "Протон-М"зымыран тасығышына отын құйылады.

Қазір "Протон-М" зымыран тасығышы тік күйінде тұр, барлық ұшырылым алдындағы операциялар толық көлемде атқарылды.

Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 11 ақпанында Астана уақытымен 17 сағат 33 минутта ұшырылады деп күтілуде.

Салмағы 2450 килограмм болатын, "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жіберетін болады.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты 24 транспондермен қамтамасыз етіліп, Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған. Жер серігі 15 жыл бойы адамдарға қызмет жасайтын болады.