Байқоңырдан РС-18 маркалы құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылды

Зымыран Ресей қорғаныс министрлігі мен РФ ғарыш әскерлері бірлесе өткізген кең көлемді оқу-жаттығулар аясында ұшырылып отыр.

KZ-today тілшісіне белгілі болғанындай, құрлықаралық баллистикалық зымыранның ұшырылымын қазір Плесецк ғарыш айлағында сапармен жүрген РФ президенті Владимир Путин де қадағалады. Плесецк мен Байқоңыр арасындағы телекөпірді Ресей қорғаныс министрлігінің әскери телеарна мамандары қамтамасыз етті. Олар Байқоңырға ұшырылым қарсаңында келген болатын.