"Зымыран 9-қарашада Астана уақытымен 17 сағат 35 минутта қалыпты жағдайда ұшырылды",- деп хабарлайды мекеме.
Зымыранды ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 15 сағат 35 минуттан 18 сағат 35 минут аралығында Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті