Байқоңырдан шамамен 12 "Протон" ұшыру көзделген


оның ішінде алтауы коммерциялық бағдарламалар, қалғаны мемлекеттік бағдарламалар бойынша, деп хабарлады "Интерфакске" ғарыш саласынан.
Олардың айтуынша, "Протон-М" зымыранын бір рет ұшырудың коммерциялық құны шамамен 100 млн доллар.
Алдында хабарланғандай, 2014 жылы Байқоңыр ғарышжайынан ауыр кластағы "Протон-М" зымыраны сегіз рет ұшырылған, оның жетеуі жемісті аяқталды. "Протон" орбитаға тоғыз ғарыштық аппарат жеткізіп берді, оның алтауы ресейлік тапсырыс берушілер үшін ұшырылған.
28 желтоқсан күні "Протон" геостационарлы орбитаға салмағы 6-тонна коммерциялық Astra-2G байланыс серігін ойдағыдай шығарды.