Құжаттарға сәйкес, қорғаныс министрлігіне АҚШ, Канада және Малайзияның жер серіктерін ұшыруға рұқсат берілген. Әскерилер бұл ретте ғарыштық жүйелер мен әскери мақсаттағы кешендерді пайдаланатын болады. Ол үшін әскери бөлімшелердің құрамы қатысады. Ғарыш айлағына шетелдік мамандар жіберіледі. Мемлекет мүддесін қорғау міндеті РФ Әділет министрлігіне жүктелді.
АҚШ-тың "Galaxy-14" аппараты "Фрегат" үдеткіш блогы бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен, ал Малазияның "MiaSat-3" және Канаданың "Anik F1R" аппараттары "Бриз-M" үдеткіш блогы бар "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен жүзеге асырылады.
Спутниктердің дәл қай күні ұшырылатыны туралы ақпарат жоқ.