«Союз ТМА-12М» ғарыш кемесінің бортында құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, Ресейғарыш ғарышкері, №1 бортинженері Олег Артемьев және американдық астронавт, №2 бортинженер Стивен Рей Свонсон халықаралық экипажы бар.
Ресейғарыштың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшыру ойдағыдай өтті, есепті уақытта «Союз ТМА-12М» кемесі «Союз-ФГ» зымыран тасығышының үшінші сатысынан бөлінді.
Статистика бойынша, бұл «Союз» басқарылатын кемесінің 119-ұшуы және Халықаралық ғарыш стансасына 38-ші сапар.
Тасымалдаушы басқарылатын кеменің ХҒС-мен түйісуі ұшырылғаннан кейін алты сағаттан соң автоматты режимде жоспарланған.
Скворцов-Артемьев-Свонсонның экипажы ғарышта 175 тәулік болмақ. Экспедиция кезінде олар ресейлік бағдарлама бойынша орбитада 49 ғылыми тәжірибені және американдық 170-ке жуық ғылыми тәжірибені жүзеге асырады.
Орбитада жаңа экипажды ХҒС командирі, жапондық астронавт Коити Ваката, бортинженерлер - ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин мен американдық астронавт Рик Мастраккио күтуде.