Байқоңырдан «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды

Халықаралық ғарыс станциясына «Союз ТМА-15М» (Роскосмос) БҒК командирі Антон Шкаплеров,  «Союз ТМА-15М» (ЕКА)  1-бортинженері Саманта Кристофоретти  және «Союз ТМА-15М» (ЕКА) 2-бортинженері (НАСА) Терри Вёртс аттанды.

Қазкосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымыран-тасығыштың ажырайтын бөліктері Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстан облысының алдын ала белгіленген аудандарына, сондай-ақ Ресейдің Алтай аймағына құлаған.  

Ұшуды басқару орталығының мамандарының айтуына қарағанда, экипаж өздерін жақсы сезінуде.  


 «Союз ТМА-15М» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен түйісуі ұшырылғаннан кейін алты сағаттан соң, Астана уақыты бойынша 08 сағат 50 минут шамасында  болады деп жоспарланған.