Зымыран тасығыш Астана уақытымен 2 сағат 12 минутта №31 алаңның ұшырылым кешенінен жүзеге асырылып, қалыпты жағдайда жүзеге асырылды. "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыштық аппараттарды алдымен тірек орбитаға шығарылып, артынан "Фрегат" үдеткіш блогының көмегімен 4 сателлит жер серігі 1400 шақырым биіктіктегі есепті орбитаға шығарылды.
GlobalStar спутниктік байланыс жүйесін кең ауқымды тұтынушылар қауымына дыбысты байланыс, қысқаша хабарламалар қызметі, роуминг, факс байланысы және мәліметтер беру секілді жоғары сапалы спутниктік қызметтер көрсету үшін халықаралық телекоммуникациялық компаниялар консорциумы жасап шығарған.
GlobalStar спутниктік тобы Жер бетінен 1414 шақырым биіктіктегі, төменгі орбитада орналасқан 48 жұмысшы және 4 қосалқы жер серіктерінен тұрады.
2006 жылдың мамыр айында Байқоңырдан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы GlobalStar ғарыштық аппаратын алып ұшты. Ол кезде жер серіктерінің тобы төрт жер серігімен толықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті