“Жергілікті уақытпен 14 сағатта ғарыш айлағының №1 алаңынан “Союз-У” зымыран тасығышы “Ресурс ДК-1” жер серігін алып ұшты. Ұшырылым табысты жүзеге асырылды”,3 дп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Самарадағы «Прогресс» конструкторлық бюросында жасалған «Ресурс-ДК» жер серігі Жерге қашықтан зонд жүргізуге, нысандардың суретін сапалы түсіруге арналған. «Ресурс-ДК» жер серігінен алынатын ақпарат түрлі ғылыми және шаруашылық мақсаттарды шешу, соның ішінде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды шұғыл қадағалау үшін, олардың залал-зардабын жою шараларын тиімді жоспарлау мен дер кезінде өткізу мақсатында пайдалануға болады. Жер серігі үш жыл қызмет етеді деп күтілуде.
“Нәтижесіне тек Ресейлік қана емес, сонымен бірге Италия, Германия мен Швециялық зерттеушілер қызығушылық танытып отыр. Жер серігі негізінен жердің бетін зерттеуге арналған. Оның көмегімен зілзалалар аумағын қадағалауға болады”, деп хабарлайды Федералдық ғарыш агенттігі.