Байқоңырдан "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылды

"Фотон-М" ғарыштық аппараты технологиялық және ғылыми зертеулер жүргізуге, өнеркәсіп пен ғылымның түрлі салаларының мүддесіне материалдар мен биотехнологиялық препараттар өндіруге арналған. Ғарыштық зертханада 16 тәулік бойы Франция, Германия және Швецияның ғарыштық агенттіктерінің бағдарламасы бойынша физика, химия және ғарыштық биотехнология салалары бойынша 16 ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіледі. Соның ішінде иммунитет тапшылығы, вирусты және қатерлі ісік дерттерін емдеуге арналған жоғары тазалық деңгейіндегі дәрілік заттар алуға бағытталған зерттеулер бар.

Зертханада Ресейдің ғылыми бағдарламасына сәйкес 9 зерттеу жұмысы жүзеге асырылады. Атап айтсақ, шаяндарға электромагниттің әсерін зерттеуге бағытталған "Биоком", ұшырылым кезінде ғарышкерлерде кездесуі мүмкін ауру түрлерін зерттеу және анықтауға бағытталған "Виброком" және "Плазмида", ұшырылғаннан кейінгі алғашқы тәуліктерде салмақсыздық жағдайында тритондардың көзторының регенерациясын зерттеуге бағытталған "Рецептор" бағдарламалары жүзеге асырылады.
Ғылыми бағдарламалар аяқталғаннан кейін 16-маусымда биологиялық организмдер ғарыштық аппараттың арнаулы құтысында сынақ нәтижесін тексеру үшін Жерге жеткізіледі.