Байқоңырдан "Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-62" жүк кораблі ұшырылды

Зымыран тасығыш 23 желтоқсанда Астана уақытымен 13 сағат 13 минутта №1 алаңның ұшырылым кешенінің №5 ұшырылым қондырғысынан қалыпты режимде ұшырылды.

Ұшырылымнан 9 минуттан кейін "Прогресс М-62" жүк кораблі тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шығарылды. "Прогресс М-62" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясымен 26 желтоқсанда Астана уақытымен 14 сағат 30 минутта түйістірілуге тиіс.

"Прогресс М-62" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 1261 кг пайдалы жүк жеткізуге тиіс. Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелері үшін жаңа жылдық сыйлықтар дайындалса, 22 желтоқсанда туған күнін тойлайтын Юрий Маленченко үшін жеке сый-сияпат, сондай-ақ, жаңажылдық дәмді-тәттіліктер әзірленген. Сонымен бірге, ғарыштық жүк кораблі жабдықтар мен батареялар, азық-түлік пен оттегі қорын, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұруға арналған отын, шығындық жүктер мен ғылыми жабдықтарды жеткізеді.