Байқоңырдан тағы «Протон» ұшырылды


Осылайша, Ресей тарапы Байқоңырдан биылдыққа 5-інші зымыран тасығышын ғарышқа аттандырып отыр. Дегенмен, мұнымен шектеліп қалмайтын түрлері бар. Жыл аяғына дейін тағы 3 зымыран тасығышты дайындауға кірісіп те кеткен. Қазақ жерінен қайта-қайта «Протонның» ұшырылуына қоғам белсенділері наразы болғанымен, шенеуніктер тарапынан бұған қатысты әрекет болмай тұр. Ал ресми Мәскеу өткен жылы 2 шілдеде Қызылорда облысына құлаған «Протоннан» 600 тонна улы гептилдің төгілгеніне қарамастан, нақты айғақты әлі  сұрап әлек.Тіпті бір жарым жылға жуықтаса да, табиғатқа келген зиян үшін төленетін 14 млрд теңгені бермей отыр.