Байқоңырдан "Ураган" атты спутник ұшырылады

Ғарыш айлағы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Протон" зымыран тасығышы 81-алаңдағы №23 ұшыру қондырғысынан ұшырылады. Бұл жұмысты ғарыш айлағының сынақтар басқармасының қызметкерлері жүзеге асырады. "Протон" ауыр зымыран тасығышы "Бриз" деп аталатын қарқындандырғыш блоктың көмегімен Ресейдің "ГЛОНАСС" навигациялық жүйесіне арналған қос мақсатты спутникті жоғары геостанциялық орбитаға шығаруы тиіс.

Бұл шараға Ресейдің ғарыштық әскерлерінің қолбасшысы Анатолий Перминов өзімен бірге Ресейлік ауқымды журналистер тобын ала келеді деп күтілуде. Ғарыш айлағы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресейлік әскерилердің Байқоңырдан кету мүмкіндігі туралы Ресей БАҚ-тарында жарық көрген хабарламалар нақты негіздемеге сүйенбей жазылған. Ресейлік БАҚ өкілдерін шақыру себебі де осындай ахуалға байланысты болмақ.