Байқоңырдан ұшырылған «Экспресс АМ6» спутнигі белгіленген орбитаға шығарылды

Роскосмос баспасөз қызметі хабарлағандай, «Экспресс-АМ6» телекоммникациялық ғарыш аппараты (ҒА) мәскеу уақыты бойынша 4 сағат 31 минутта мақсатты орбитада «Бриз-М» жүрдек блогынан (ЖБ) штатты түрде ажыратылды.

  «Экспресс-АМ6» ҒА «Ғарыш байланысы»  ФМБК тапсырысы бойынша «Экспресс-2000»  ауыр сыныбы платформасының базасында құрылды және Ресей аумағында байланыс, хабар тарату қызметінің кең спектрін қамтамасыз етуге арналған.     Ғарыш айлағының белсенді жұмыс істеу мерзімі 15 жыл, ал пайдалы жүктеме 11 антеннаны, 72 транспондерді,  C-, Ku-, Ka- и L-жиілік диапазонын қамтиды.  
«Протон» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» жүрдек блогын «М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК  әзірлеген.

Жаңартылған «Бриз-М» жүрдек блогымен жарақталған «Протон-М» геоөткелі орбитасына 6 тоннадан астам жүкті жеткізуге қабілетті. 


Бұл 2014 жылы «Протон» зымыран тасығышын пайдаланып, алтыншы рет ұшырылған ғарыш аппараты және тарихта 399-шы рет пайдаланылуда, деп атап өтті Роскосмос баспасөз қызметінен.