ХҒС-ның "Пирс" бөлігіне қонды, деп хабарлады ресейлік ұшыруды басқару орталығынан (ҰБО).
"Союз-У" зымыраны "Прогресс М-28М" бірге 3 шілдеде Мәскеу уақытымен сағат 7.55-те Байқоңырдан ұшырылды. Бұл сәуір айында осындай кеменің апатқа ұшырауынан кейін ұшыртылған алғашқы ғарыш кемесі, деп жазады РИА Новости.
"Бұл сәтті қону болды - қазір "Прогресс М-28М" ХҒС құрамына енді", - деп хабарлайды Ресейғарыштың баспасөз қызметі Twitter парақшасындағы агенттік блогында.
"Прогресс М-28М" кемесінің орбиталық стансаға қонуын ресейлік ғарышкерлер - ХҒС 44-ші экспедициясы экипажының командирі, жаңа ғарыш рекордсмені Геннадий Падалка, орбитада НАСА астронавты Скотт Келлимен бір жыл бірге болатын бортинженер Михаил Корниенко бақылады.
"Прогресс М-28М" зымыраны халықаралық ғарыш стансасына шамамен 2,4 мың келі жүкті жеткізді, соның ішінде жанар-жағар май, оттегі, азық-түлік, станса қызметін қолдауға арналған жабдықтар, экипаж мүшелеріне сәлемдемелер бар.