Байқоңырды жалға алу төлемдері бойынша Қазақстанның Ресейден ешбір аласы жоқ - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі

Оның айтуынша, бұл жерде әңгіме "Ресейдің 1999-2001-жылдар аралығында Байқоңырды жалға алу төлемдері бойынша Қазақстан алдындағы 65 млн. доллар көлеміндегі берешегі туралы болып отыр". Қ.Келімбетовтың айтуынша, "аталмыш сомаға Қазақстан жағы ұсынған тізім бойынша Ресей тауар мен қызмет түрлерін ұсынатындығы туралы" үкіметаралық келісімге қол қойылған. 2002-жылы ҚР қаржы министрлігі, Ұлттық банк пен "Ресейден көп мөлшерде тауар түрлерін сатып алатын" "Қазақстан темір жолы" арасында келісім-шартқа қол қойылды. Сол келісімге сәйкес "Қазақстан темір жолы" Ресейден 65 млн. доллардың тауарлары мен қызмет түрлерін сатып алып, аталмыш қаржыны теңге түрінде республикалық бюджетке аударған. "Республикалық бюджет тарапынан компанияға қатысты қандайбір талап немесе кінә тағылмайды, қаржы толық бюджетке аударылған",- деді Қ.Келімбетов.

Ал ҚР қаржы министрі Арман Дунаев: "бұл ешбір дау тудырмайтын дұрыс схема" дей келіп, "қаржы 2004-жылдың қаңтар және ақпан айдарында республикалық бюджетке екі траншпен толық аударылды" дегенді растады.