Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Төретам станциясына Самарадағы "ЦСКБ-Прогресс" зауытында жасалған "Союз-ФГ" зымыраны тиелген вагондар келіп жетті.
Қазір кедендік рәсімдеу шаралары жүргізілуде, бұдан кейін зымыран тасығыш тиелген вагон 112 -ші алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, бұл жерде зымыран тасығыштың блоктары мен сатылары бар контейнерлер сақтауға қойылады.
Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипажды "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен жеткізетін "Союз-ФГ" зымыран тасығышын құрастыру және ұшырылымға дайындау жұмыстары 2008 жылдың басына межеленген.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышын 2008 жылғы көктемде ұшыру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті