Ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарыштық аппарат бүгін "Юбилейный" әуежайына ИЛ-76 жүк ұшағымен жеткізілді.
"Қазір "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппаратын қосымша жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізу үшін тасымалдағышқа тиелуде, онда ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіледі", - деп хабарлайды ақпарат көзі.
Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. "Экспресс-АМ33" байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.
Бұл апарат орбитада 2006 жылғы наурызда "ғарыштық қоқыспен" соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған "Экспресс-АМ11" геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.
"Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 23 қаңтарда ұшырылады деп жоспарланған.