Байқоңырға АҚШ-тың "АМС-14" жер серігі жеткізілді

"АМС-14" ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтарымен қоса бүгін таңертең "Юбилейный" әуежайына АН-124 транспорттық ұшағымен жеткізілді.

Ұшақтан түсірілгеннен кейін "АМС-14" жер серігі қосалқы жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, онда аппарат ұшырылымға дайындалады.

"АМС-14" ғарыштық аппаратын Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасап шығарған. Жер серігі 32 транспондермен қамтамасыз етілген және Солтүстік Америка тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етеді. "АМС-14" 15 жыл пайдаланылуға тиіс.

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы АҚШ-тың "АМС-14" байланыс жер серігін алып 2008 жылдың 15-наурызында ұшады деп межеленген.