Байқоңырға АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді

"Протон-М" зымыран тасығышы қосымша жабдықтарымен қоса бүгін таңертең темір жолмен Мәскеу түбіндегі М.Хруничев атындағы орталығынан Төретам бекетіне жеткізілді.

Қажетті кедендік рәсімдеуден кейін зымыран тасығыш блоктары мен қосалқы жабдықтар тиелген вагондар ғарыш айлағының ішкі жолдарымен 92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі. Онда зымыран тасығыштың сатылары құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.

АҚШ-тың "АМС-14" байланыс жер серігі наурыздың басында жеткізілмек.

"Протон-М" зымыран тасығышы АҚШ-тың "АМС-14" байланыс жер серігін алып 2008 жылдың наурыз айының ортасында ұшады деп межеленген.