Байқоңырға әскери мақсаттағы жер серігін ұшыруға арналған "Протон-К" зымыран тасығышы жеткізілді

"Протон-К" зымыран тасығышы қосалқы жабдықтарымен Мәскеу түбіндегі М. Хруничев атындағы орталықтан темір жол көлігімен Төретам ауылына жеткізілді.

Зымыран тасығыштың блоктары мен қосалқы жабдықтары тиелген вагондар ғарыш айлағы аумағындағы темір жол тармағымен №92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, онда зымыран тасығыштың сатылары құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.

Әскери мақсаттағы жер серігін ұшыруға арналған "Протон-К" зымыран тасығышы 2008 жылдың 2 жартысында ұшырылады. Нақты ұшырылым күні кейінірек белгіленеді.