“Энергия“ зымыран-ғарыштық корпорациясында жасалған “БелКА” ғарыштық аппараты Мәскеуден жеткізілді, деді О.Урусов. Жерге қашықтан зонд жүргізетін жер серігі – “БелКА” Беларусь Республикасының тапсырысымен жасалған.
“Қазір арыштық аппаратты түсіру жұмыстары жүзеге асырылуа. Содан кейін ол монтаж-сынақ корпусындағы жұмыс орнына орнатылады. Ертең жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарымен айналысатын мамандар тобы ұшып келеді деп күтілуде”,- деді О.Урусов.
«Бауманец», «УниСат-4» және “КубСат» әмбебап жер серігі сынды ғарыштық аппараттармен қоса “БелКА” ғарыштық аппаратын алып ұшатын “Днепр” зымыран-тасығышы маусым айының аяғында аспан кеңістігіне жол тартады деп күтілуде.