Байқоңырға Еуропаның Galileo навигациялық жүйесінің GLOVE-В атты екінші жер серігі жеткізілді

GLOVE-В ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтарымен қоса бүгін ұшақпен "Юбилейный" әуежайына жеткізілді.

Ұшақтан түсірілген соң GLOVE-В ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтарымен қоса №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданады, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындықтары жүргізіледі.

Galileo навигациялық жүйесінің бірінші жер серігі - GIOVE-A (Galileo In-Orbit Validation Element) Байқоңырдан 2008 жылдың 28 желтоқсанында "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған. GIOVE-A ғарыштық аппараты биіктігі 23 000 шақырымнан астам есепті орбитаға шығарылды.

Galileo - Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі - Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.

Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.

GLOVE-В екінші жер серігін 2006 жылы ұшыру жоспарланған болатын, алайда ғарыштық аппарат дайын болмауға байланысты ұшырылым 2008 жылға шегерілді.

GLOVE-В ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылғы көктемде ұшыру жоспарланған.