Байқоңырға Канаданың RadarSat-2 жер серігі жеткізілді

Ғарыш аппараты сәрсенбі, 14 қарашада жеткізілуге тиіс болған, алайда, Еуропадағы күн райы ахуалына байланысты ұшақ рейсі бір тәулікке кейінге щегерілді. Дейтұрғанмен, ақпарат көзінің хабарлауынша, жер серігін ұшырылымға дайындау кестесіне бұл әсер етпейді. RadarSat-2 ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтармен кеше, 15 қарашада "Юбилейный" әуежайына жеткізілді, ал контейнерлер түсірілгеннен кейін 31-ші алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданды, бұл жерде аппараттың ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.

RadarSat-2 (Radar Satellite) жер серігін MacDonald Detwiller&Associates компаниясы MDA компаниясы мен Канада ғарыштық агенттігінің ынтымақтастығы аясында жасап шығарды. Ғарыштық аппарат PRIMA тұғырында өзінің қызмет ету мерзімін аяқтаған RadarSat-1 аппаратын алмастыру үшін жасалған, ол Арктикаға мониторинг жүргізуге арналған. RadarSat-2 С-диапазонда жұмыс істейтін синтезделген апертуралы (15х1,5м-лік антенна) көпфункциялы радармен жабдықталған. Ол жер бетін 3-300 метр/пиксельдік айқындықпен күн райының қандай ахуалында да түсіре алады. RadarSat-2 жер серігі 7 жылға белсенді жұмыс істеуге арналған.

RadarSat-2 ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен Байқоңырдан 2007 жылдың 8 желтоқсанында ұшыру межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті