Королев қаласындағы зауытта жасалған "Прогресс М-64" жүк кемесі бүгін темір жолмен Төретам станциясына жеткізілді. Қажетті кедендік рәсімдеу процедураларынан кейін ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар темір жол тармағымен Төретамнан №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда ұшырылым алындағы дайындыққа дейін сақталады.
Жүк таситын "Прогресс" кемесін дайындау аясында 22 ақпанда ғарыш айлағына оны ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышы әкелінді.
"Прогресс М-64" жүк кемесін алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау шаралары 2008 жылдың сәуір айының басында басталады. "Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.
"Прогресс М-64" жүк кемесін алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышын 2008 жылдың мамыр айында ұшыру межеленген.
Бұл Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын екінші жүк "Прогрессі". Бірінші "Прогресс-63" жүк тасымалдаушы кемесі 2008 жылдың 5 ақпанында ұшырылды.