Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына экспедиция жіберуге дайындық мақсатымен "Союз" кораблі жеткізілді

Ғарышкерлерді алып ұшатын "Союз" ғарыш кемесі айлақтың монтаждау және сынақ корпусында екі ай бойы дайындықтан өтеді.

Осы мерзімде негізгі және қосалқы экипаж мүшелері Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығындағы дайындық жұмыстарын жалғастыра береді. Экипаждар 11-ші негізгі (ұзақ мерзімді) және Халықаралық ғарыш станциясына баратын 8-ші экспедицияның бағдарламасына сәйкес әзірленеді.
Негізгі экипажға ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев, АҚШ астронавты Джон Филиппс пен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, Италия азаматы Роберто Виттори енген. Олар ғарыш кеңістігінде алты ай жұмыс істеген ресейлік Салижан Шәріпов пен АҚШ астронавты Лерой Чиаоны алмастырады.
"Союз" ғарыш кемесі Байқоңырдан 2005-жылдың 15-сәуірінде ұшырылады.