Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі жеткізілді

Бүгін таңертең Төретам теміржол станциясына Королев қаласындағы Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясы ААҚ-ның эксперименттік машина жасау зауытынан "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі мен оның қосымша құрылғыларын жеткізген вагон келіп жетті.

Ол қажетті кедендік рәсімдеу процедураларын жүргізгеннен кейін бүгін теміржол арқылы Төретам станциясынан № 254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, дайындық кешеніне орналастырылатын болады.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген. Қазіргі уақытта Звездный қалашықта құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Ко сапарға дайындалуда. Негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келеді деп жоспарлануда.