Байқоңырға Малайзияның Measat-1R жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы жеткізілді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шілде күні Төретам станциясына Днепропетровскіден (Украина) теміржол құрамы келіп жеткен. Ол ғарыш айлағына Украинаның "Южмаш" өндірістік бірлестігі дайындаған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын жеткізді. Ол Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ғарышқа шығару үшін жасалған.