"Тор-2Р" ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтарымен қоса сенбі күні 15 сағат 15 минутта "Юбилейный" әуежайына ұшақпен жеткізілді.
"Тор-2Р" қосалқы жабдықтарымен 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданады, онда аппараттың ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.
"Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорацясы жасаған. Жер серігі Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған.
"Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жалғастырады. Telenor жер серіктерінің тобы екі ғарыштық аппараттан тұрады.
"Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.