Баспасөз қызметінің мәліметінше, Самара зауытынан темір жол көлігімен жеткізілген "Прогресс М-58" ғарыш аппараты 254-ші айлақтың монтаждау және сынақ корпусына қойылды. Бір тәулік бойына ғарыш аппараты контейнерлерден арнайы стендіге ауыстырылады, содан кейін ғарыш айлағының мамандары жүк тасығыш аппаратты ұшыруға әзірлейді.
Биылғы жылы екі "Прогресс" жүк тасығышын ұшыру жоспарланған, олар Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, қондырғыштар және жанармай жеткізуі тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті