Байқоңырға "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі жеткізілді

Ақпарат көзінің хабарлауынша, кеше кешке Королев қаласындағы зауыттан шыққан "Прогресс М-63" жүк кемесі теміржол транспортымен Төретам станциясына жеткізілді. Қажетті кедендік процедуралардан кейін ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар тиелген вагон темір жол тармағымен Төретам станциясынан №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына дейін жеткізіледі. Бұл жерде ол ұшырылым алдындағы дайындықтар басталғанға дейін сақтауға беріледі.

"Прогресс" жүк кораблін ұшырылымға дайындау аясында 30 қарашада ғарыш айлағына "Союз-У" зымыран тасығышы жеткізілді, ол "Прогресс М-63" жүк кораблін ғарышқа шығаруға арналған.

"Прогресс М-63" жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары 2008 жылғы қаңтардың басында басталады. "Прогресс М-63" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

"Прогресс М-63" жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышы 2008 жылдың қаңтарында ұшырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті