Байқоңырға "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі жеткізілді

Бүгін Төретам бекетіне Мәскеу түбіндегі Королев қаласынан темір жол құрамы келді, ол ғарыш айлағына "Прогресс М-65" жүк кемесін жеткізді.

Кедендік рәсімдеуден кейін құрам айлақ ішіндегі темір жолмен ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.

"Прогресс М-65" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді.

"Прогресс М-65" жүк кемесі "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылады.