Байқоңырға "Прогресс М-66" жүк кораблі жеткізілді

Бүгін Төретам бекетіне Мәскеу түбіндегі Королев қаласынан темір жол құрамы келді, ол ғарыш айлағына "Прогресс М-66" жүк кемесін жеткізді.

Кедендік рәсімдеуден кейін құрам айлақ ішіндегі темір жолмен ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.

"Прогресс М-66" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 12-ші қазаға ұшырылатын 18-ші экспедицияның экипажына арнап азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.

"Прогресс М-66" жүк кемесі "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың қарашасында ұшырылады.