"Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесі бүгін таңертең Королев зауытынан теміржол көлігімен жеткізілді. Қазіргі уақытта кедендік рәсімдеу процедуралары жүргізіліп жатыр, рәсімдеу жұмыстары аяқталған кейін ғарыш аппараты мен қосымша құралдар тиелген вагон 254-ші алаңның монтаждау-сынақ корпусына әкелінеді, онда ғарыш аппараты контейнерлерден арнайы стендке түсіріледі",-деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Бір жарым ай ішінде, арнайы кестеге сәйкес, ғарыш айлағының мамандары "Союз ТМА-10" ғарыш кемесін ұшыруға дайындайды. Сонымен қатар, ғарыш айлағына ақпанның басында әкелінген "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы 112-ші алаңының монтаждау-сынақ корпусында ұшыру дайындығынан өтеді.
"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы "Союз ТМА-10" ғарыш кемесімен бірге құрамында ғарышкер Федор Юрчихин мен Олег Котов (Ресей), сонымен қатар ғарыш саяхатшысы Чарльз Шимони (АҚШ) бар 15-ші негізгі экипажды Халықаралық ғарыш станциясына алып ұшады, ұшырылым 2007 жылдың 9 сәуіріне жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті