Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-шілдеде 1 сағат 43 минутта РС-20 "Днепр" зымыраны бір топ ғарыш аппаратын алып ұшты. Оның ішінде Беларусь елінің "БелКА" жер серігі де болан. 73-ші секундта зымыран құлап қалды.
"Днепр" зымыран тасығышы ұшыру алаңынан 150 шақырымдай жерде Жаңақала ауылының маңынан табылды. Зымыран құлаған жерде диаметрі 50 метр, тереңдігі 10 метрлік шұңқыр түзілді.