Байқоңырға Жапонияның INDEX ғарыштық аппараты жеткізілді

Жапонияның жер серігі сейсенбі күні "Крайний" әуежайына ұшақпен жеткізілді. Бүгін, 13-шілдеде INDEX ғарыштық аппараты ұшырылым алдындағы дайындық үшін №31 алаңдағы монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі.

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, INDEX - Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын екінші Жапониялық жер серігі. Ол тамыз айының аяғында ұшырылуы тиіс.
"Днепр" зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен "Космотрас" Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.
Қазір ғарыш айлағының мамандары ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде.