Жаңалау шаралары "Байқоңыр кешенінің инфрақұрылымын сақтау және қалпына келтірудің 2001-2005-жылғы басым бағыттары" атты мақсатты бағдарлама аясында жүзеге асырылады.
Осыған байланысты қала әкімшілігінің төрағасы Александр Мезенцевтің шақыруымен Санкт-Петербургтен "Канон" фирмасының бас директоры, Ресей сәулетшілер одағының мүшесі Николай Соколов Байқоңырға келді. Ол алдағы 3-4 айдың ішінде қаладағы аса маңызды нысандарды жаңалау жобасын жасап шығаруға тиіс.
"Канон" фирмасы болашақ жөндеу жұмыстарына авторлық бақылау жасайды. Ал жаңалау жұмыстарының мердігерлері Байқоңыр қаласының өзінде іріктеледі.