Осыған байланысты, Холдинг аталған төлемдер бойынша түсініктеме береді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін төлемдерге қатысты. «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 177-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің құрамына акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органының және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілдері кіреді.
Бұл ретте, уәкілетті органдардың өкілдері «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 50-бабына сәйкес, өздерінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін тұлға осындай функцияларды атқармайтын ұйымдардан ақша, қызмет көрсету және өзгеше түрде қандай-да бір сыйақы алмайды.
Осыған байланысты, Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамындағы мемлекеттік құрылымдар өкілдеріне сыйақы төленбейді. Сыйақылар тек тәуелсіз директорларға ғана төленеді.
Басқарма мүшелеріне
төленетін төлемдерге қатысты. 2021 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (Басқарма) атқарушы органының мүшелеріне 292,4 млн теңге мөлшерінде сыйақы төленді.
Бұл төлемдер - Басқарма мүшелеріне 2021 жыл ішінде төленген жалақы мен ынталандыру ақылары. Бұл жерде салықтар ұсталғанға дейінгі сома берілген және көрсетілген кезең ішінде өзгерген Басқарманың 11 мүшесі бойынша төлемдер сондай-ақ 2021 жылы Холдингке қосылған «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның атқарушы органының мүшелеріне төлемдер қамтылған.
Айта кету керек, барлық төлемдер 2021 жылы жұмыс істеген Директорлар кеңесі мен Холдинг Басқармасы мүшелеріне 2021 жылы төленді. Бұл төлемдердің Директорлар кеңесі мен Басқарманың 2022 жылы жұмысын бастаған мүшелеріне қатысы жоқ.