«Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі алдағы жоспарларымен бөлісті

Биыл мамыр айында ғана құрылған холдинг басқаруына 10 ұлттық даму институттары берілген. Құрамында «Қазақстанның даму банкі», «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі», «Даму» кәсіпкерлікті дамуты қоры, «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» секілді ірі қаржылық ұйымдар бар. Енді осы ұлттық институттар жаңа жобаның аясында ұзақ мерзімді қаржыландыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ холдинг жыл соңына дейін басқа да бағыттарын айқындап, ұсыныстарын Үкіметке жолдайтын болады.


Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Мысалы, «Даму» қорын алсақ , өзіңіз білесіз «Жол картасы 2020» бағдарламасын жүргізіп отыр. Сол бағдараламалар оң нәтижеге жеткізді. «Даму» тікелей бизнес арқылы емес, Банк арқылы және субсидия беру арқылы жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, осы модельді тікелей нарыққа шығару арқылы біз басқа бизнестерге енгіземіз деп отырмыз.