Өз сөзінде ол қыздарға «мінсіз күйеу» қандай болатынын айтып көрді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Желіде пайда болған видеода Омар Жәлелдің әлдекіммен сөйлесіп жатқанын әрі одан «Үйленгенсің бе?» деп сұрап жатқанын көруге болады. Сонымен бірге ол одан «Мінсіз, «идеальный» муж қандай болады?» деп сұрайды. Алайда өз сұрағына өзі жауап береді.
«Мінсіз күйеу тек байы өліп қалған әйелдерде болады. Рас қой, тірі кезінде бағаламайды. Ал өліп қалғаннан кейін «ой, қандай керемет адам еді» деп жатады. Абай айтқандай «Өлісінің жаманы жоқ, тірісінің жамандықтан аманы жоқ» дейді. Неге екенін білмеймін, солай дейді. Күйеуіңді мақтау үшін, міндетті түрде өліп қалу шарт па?» деп жазды ол.
Желі қолданушылары ғалымның бұл сөзімен келісетіндерін айтты.
«Иә рас, адамның қадірін көзі тірісінде білу керек», «Негізі сізді көп ұната бермеймін, бірақ осы жолы айтқандарыңыз дұрыс», «Тағы қандай ақыл айтасыз? Сіз-ақ осылай жұртқа ақыл айтып жүреді екенсіз» деп жазды олар.