Байзақова: Президент болсам бір жыныстыларды заңдастырар едім

Атышулы Айжан Байзақова президент болса бір жыныстырларды заңдастырғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол блогердің қойған сұрағына жауап беру барысында  баяндады. 

«Егер президент болсам, сағат кешкі 9-дан кейін ішімдік сатуға рұқсат берер едім. Екінші бір жыныстыларды заңдастырар едім. Үшінші сөз бостандығын берер едім», - деді Байзақова. 

Еске сала кетейік, Айжан Байзақова бұған дейін тікелей эфирде былапыт сөз айтып, Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен 3 күнге қамауға алынған болатын.