Байқоңырдан "Протон" зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ақпаратты "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жариялады.

"Жоспарлы ұшырылым алдындағы тексерулер барысында үдеткіш блокта жергілікті сипаттағы техникалық сәйкессіздік анықталды", – деп мәлімдеді корпорация.

Сурет: Telegram/Роскосмос

Осыған байланысты ұшырылым "анықталған кемшіліктерді жою үшін" кейінге шегерілді. "Роскосмос" бас директорының орынбасары Иван Даниловтың айтуынша, қажетті жұмыстардың ауқымы анықталып қойған.

Сурет: Telegram/Роскосмос

Айта кетейік, "Протон" зымыраны 1960-жылдардың ортасынан бері қолданылып келеді. Алдағы уақытта оны "Ангара" зымырандар тобы алмастыруы жоспарланған.