«Бәйтерекке» құрметсіздік танытқан астаналық қамауға алынды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, ескерткіш аясында әдепсіз сипаттағы фотосурет орналастырылған.

— Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылып, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды, — делінген хабарламада.