Баку қаласында Каспий аймағы, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі басталады

Кездесуге қатысушылар Еуропалық Одақ пен Каспий бассейні елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту, Еуропаға қуат көздерін тасымалдау және құбыр жүйелерінің қауіпсіздігі туралы мәселелерді талқылайды.

Форумға Әлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен басқа да ірі қаржылық құрылымдардың өкілдері қатысады.
Бүгін отын және энергетика министрлігінде сарапшылар деңгейіндегі кездесу өткізіледі. Ал ертең, 13-қарашада энергетикалық мекеме жетекшілерінің кездесуі өтіп, оның нәтижесі бойынша Декларация қабылданады.